«Әлеуметтік желі» – жылдың үздік фильмі атанды

Американың кино сыншылары «Әлеуметтік желі» фильмін ең үздік кино ретінде бағаласа, оны түсіруші Дэвид Финчерді ең майталман режиссер деп атап отыр. Таңертеңнен бері осы ақпаратты қайта-қайта кездестіре берем. Сендер де көрген шығарсыңдар.

Бұл фильм қателеспесем, қараша айында Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіліп шықты. Фильмнің әйгілі Фейсбук желісінің дүниеге келуі мен оны ойлап табушылар туралы екенін бәрі білетін болар. Мен де бұл киноны Силкуэйден көргем.

Неге екені белгісіз, менің есімде мынадай бір тіркес сақталып қалыпты: «Гарвард университетінің студенттеріне жұмыс табудан гөрі, жұмысты ойлап табу оңайырақ». Ондағы басты рөлді сомдаушы актер Джесси Айзенберг өз ісіне азарт, студент Марк Цукербергтің бейнесін жақсы ойнап шыққан.

Киноға барған кезде зал адамға лық толы болды. Соған қарағанда бұл фильм фейсбукты Қазақстанда тағы бір жарнамалап шыққан тәрізді. Ия, «болмасаң да ұқсап бақ» дей ме қазақ…

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to «Әлеуметтік желі» – жылдың үздік фильмі атанды

  1. altygradus айтады:

    қааааатты ұнады өзіме осы фильм.
    Цукербергке тамсана отырып қарап бас жағын:))). Афроамерикандық қыздар ассоцияциясынан кешірім, сұрадым, латин… асс-ясынан тб қыздардан да, как я понял их было много:)))). Бірақ та желіні бұзғаным үшін қайта маған рахмет айтуларыңыз керек қой деген жерінде жатып күлдім.
    Ал ана ағайындылармен соттасқан тұсында әңнімені тыңдамай далада жаңбыр деген жері де супер, гений адамдар солай болатын шығар:)))).
    Тимберлэйктың ойнағаны ұнады бір оңбағанды:). Жалпы фильм бойынша бос жері жоқ қой, тамсанып отырып, аяқ жағына қарай қайғырып..

  2. maqpal айтады:

    жоқ, шынында да олардың механизмдері күшті. мысалы, оларда қауіпсіздік қызметін көрсететін фирмалар жыл сайын бәйге жариялайды. кім олардың орнатқан қауіпсіздік желісінің әлсіз тұсын тауып, бұза алса соған сыйлық береді. керемет емес пе

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s