«Мен Абайдың айтқанына тек кішкене компьютер сөздерін қосып қойдым» (жалғасы)

Асқар Жұмаділдаев жиын барысында елде білім саласында жүргізіліп жатқан түпсіз тұңғиық реформалардың әбден шаршатқанын, онда артық нәрселер көп екенін жеткізді.

«PhD ма, аспирантура ма, маған бәрібір. Мәселенки, сенің атың Құдайберген болса, оны орысша Коля немесе Богдан дейді. Бұл сол сияқты. Айырмашылық болса, котлет пен бешбармақтың айырмашылығы сияқты бірдеңе. Бірақ екеуі де тамақ қой. Сондықтан «ойбай, анау PhD-ге өтсек, сұмдық аспанға ұшып кетеміз» деу бос сөз. Мен үшін маңызды нәрсе ол емес. Мен үшін маңызды нәрсе – тұрақтылық. Он жыл бойы реформалардың жасалып келе жатқанына. Бұл реформалардың бітетін түрі бар ма, жоқ па? Қашан бітеді, бітсе? Реформа бітіп, дұрыстап жұмыс істейікші, ең болмағанда! менің арманым – осы. Өйткені, қазір балалар білмейді. Аспирантураға барайын десе, аспирантура жоқ. PhD-ге барайын десе, түсе алмайды. PhD жоқ шындығына келсеңіз. Оны неге ешкім білмейді? Оны ҚазҰУ-ы мен Еуразия университетіне беріп қойған. Олар бөтен ешкімді жолатпайды маңайына. Бізде теория жүзінде бәрі айтылады, ал практика жүзінде бәрі керісінше, жасалады. Өйткені, механизм жоқ артында. Саған «ұрлық жасама, өтірік айтпа» дейді. Ал бірақ сені ылғи ұрлыққа итермелеп отырады» деді ғалым.

Оның пікірінше, қазіргі таңда білімнің құндылығы төмендеген. Дипломдар девальвацияға ұшыраған. Бұған қоса, білім саласын алға жылжытпай, ылғи шлагбаум сияқты кесе-көлденең тұрып, кедергі жасай беретін бір «ағайыншылдық, тамыр-таныстық» деген ұғым бар деді. Сол үшін де сессия кезінде телефонды мүлде өшіріп тастаймын деді ол.

«Талай жерде сабақ беріп жүрмін ғой. Көріп жүрмін. Жуығымен алсаңыз, жүздің онын провакторлар құрайды. «Разводка» дейді ғой. «Әке-көке, Сәке, Мәке». Қазақстанның оқу жүйесінің шетелден айырмашылығы не деп ойлайсыз? Ең бірінші айырмашылығы, біздегі телефонное право. Мысалы, қазір сессия басталды. Мені қазір ешкім танымайды. (Сіз случайно тауып алдыңыз – А.Ж). Менің телефонымның бәрі үзіледі. Неге? Өйткені, телефонға тыныштық болмайды. «Анау менің қызым еді», Анау менің балам еді» бәлен-түген.  Бізді құртып отырған осы. Шетелде оқуға түсу – оңай, бітіру – қиын. Бізде оқуға түсіру де оңай, бітіру де оңай. Мысалы, Бостонда екі түрлі студент бар. Біреуі – өте жақсы, біреуі – өте жаман. Айтам ғой: «Өте жақсы, ол керек, түсінікті. Өте жаманды неғыласыңдар?» деймін. «Жоқ, өте жаман одан да керек» дейді. Неге? Өйткені, өте жаман передачаға келетін болса, ақша төлейді. Құлап қалды, проблем жоқ, ақша төлейсің. Тағы құлап қалдың, тағы ақша төлейсің. Сонда бір жаман оқушы бір жақсы оқушыны оқытып шығады» деді ол

Оның пікірінше, білім-ғылым саласы консерватившіл, ескішілдік, дәстүрді ұнатады.

«Жалпы менің пікірімше, реформаның көкесі баяғы советтік оқу жүйесіне қайта оралу. Неге Англия алға басып кетті? Мәселен, Кембридж. Оксфордты алайық. Оксфорд дегеніміз не? Оксфордтың қазақшасы «өгіз өткен». Кембридж дегеніңіз Кем өзені бойындағы көпір. Сол жер неге сұмдық боп, алға дамып кетті? Мәселенки, онда Тринити-колледж деген бар. Тринити-колледжден Ньютон шыққан. Одан Дж.Неру шыққан, саясаткер. Тринити-колледжден Милн шыққан, Винни-пухты ойлап тапқан. Тринити-колледжден 90 Нобель лауреаты шыққан. Бір ғана колледж. Неге? Дәстүр. …Ғылым деген консерватизмнің көкесі. Ең мықты ғалымдар консерваторлардан шығады. Өйткені, анда-мында шошаңдай берсең, онда ол ғылым болмайды. Ғылым деген нәрсе ол приказға, постановлениеге бағынбайды. Сіз ертең қаулы шығаруыңыз мүмкін: «Әйелдер неге 9 ай толғатады, 6 ай толғатсын» деп мысалы. Бірақ ол болмайды. Ертеңгі күні сіз айтуыңыз мүмкін, америкада осылай, бізде де осындай болсын деп. Кешіріңіз, бұл сіздің табиғатыңызға қарсы. Болмайды еш уақытта

Неге біздің балалар олимпиадада озады? Ең мықты екі мектеп бар. Бірі – физмат мектеп. Екіншісі – түрік лицейлер. Неге? Өйткені, ол математиканы советтік дәстүр бойынша оқытады» деді клуб қонағы.

«ҚАЗІРГІ ТІРЛІГІҢДІ ЖӨНДЕП АТҚАРСАҢ, ОДАН АРТЫҚ ЕЛІҢЕ ӘКЕЛЕР БАҚЫТ ЖОҚ»

Қазақ журналистерінің клубында жиналғандар Асқар ағаға «Қытайда шенеуніктердің басым бөлігін ғалымдар құрайды. Неге билікке барып, қазақ ғылымын дамытпайсыз?»  деген сұрақ қойды.

«Біріншіден, онда мені шақырып жатқан ешкім жоқ. Екіншіден, оны күтіп жатқан да ешкім жоқ. Өйткені, менің кәсібім ешкімнен кем емес. Мүмкін, басып қалмаған шығармын. Бірақ бастық болуды арман қылатын дүние деп ойламаймын. Бұған қоса айтайын. Кезінде екі рет депутат болған адаммын. Бірақ Ибраһим Құнанбайұлы деген кісіге тағы да қайта оралуыма тура келеді. Сол кісінің өмірін қарадым. Бұл кісі 15 жыл болыс болған екен. Сосын бір күні «қой, бұл болмайтын кәсіп екен» деп тастап, өлең жазуға кіріскен. Мен де 10-15 жылдай саясатқа араластым. Үкіметтің арасында мен де болғам. Бірақ мен түсіндім. Тағы да Абайға оралайын. «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма, Өткір тіл, бір ұялшақ қыз болмай ма, Махаббат, ғадауатпен арпалысқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма» дейді. Ғылым деген қыз ғой сол. Мына есіктің артында тұр ғой сығалап, кіре алмай. Ол мынау төрде ғой. Бірақ оны кім біліп отыр. Сонда ғылымда жүрген бірді-екілі адам кетіп қалса, онда не болады?

Сондықтан мен ойлаймын. Әңгіменің бәрі саясатпен шешіледі. Реформамен шешіледі деу бос сөз. Абайдың тағы да бір сөзі бар: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла». Мен жұмбақ емеспін. Бірақ жүрегіңнің түбіне бойлаңызшы. Сонда байқайсыз. Сен өзіңнің отырған жеріңді, өзіңнің тірлігіңді жөндеп атқарсаң, одан артық сенің өз еліңе әкелетін бақытың жоқ.

Мен үкіметке бара қалсам, қатырар едім деген сияқты абстрактный ой айтқым келмейді. Үкіметте менсіз де ақылды адамдар отыр деп ойлаймын. Қарасаң, осында реформа жасап жатқандардың 90 пайызы математиктер. Мысалы, Келімбетов физматты бітірген. Мәсімов ол да физматты бітірген. Мысалы, орыстарды алып қараңыз, бүкіл реформаның бәрін физик-математиктер жасап жатыр. Өткен жолы ұрлап қашып кеткендер.

Рас, математиктер ішінде ұрылар да көп. Оны да мойындау керек. Неге ұры көп болады? Өйткені, басы істейді. Егер сен ақымақ болсаң, дүниең шашылып жатса, неге ұрламасқа?! Сенің дүниеңді ол ұрламаса, басқа біреу ұрлап кетеді бәрібір. Сізге Машкевичтің ұрлағаны жақсы ма, Әблязовтың ұрлағаны жақсы ма? Мінекей, сұрақты осылай қоюға болады»

Бұдан бөлек жиында көп нәрселер айтылды. Жекеменшік оқу орындарының жағдайы, өзін-өзі тану пәні, Болашақ бағдарламасы, Нобель сыйлығы т.б тіпті әңгіме Хантингтонның «өркениеттер қақтығысы» теориясына дейін жетті.

(Менде аудиосы бар, толық нұсқасын тыңдаймын деушілерге пошта арқылы жібере алам)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

7 Responses to «Мен Абайдың айтқанына тек кішкене компьютер сөздерін қосып қойдым» (жалғасы)

  1. Көкбөрі айтады:

    ашыны айтыпты,орынды шамырқаныс..

  2. altygradus айтады:

    Ең мықты ғалымдар консерваторлардан шығады. Өйткені, анда-мында шошаңдай берсең, онда ол ғылым болмайды.
    Түбін түсірген:))))
    Не ғой мақпал ол мэйлмен жібере алатындай көлемде болса маған салшы плз

  3. suleymen айтады:

    Ойбай, Мақпалжан, аудиосын маған да жібер, менде қалып кетпейін әңгіме тыңдаудан.

    Алдын ала кәттә грасиас!!!!!

  4. Берикжан айтады:

    Салем!!!

    Оте жаксы макала екен. Маган да жибере аласыз ба?

    berikzhan1986@gmail.com

    Алдын ала коп рахмет!

  5. Раджұлы Мақсат айтады:

    Maganda jiberesyz ba? max.radjuly@gmail.com

  6. kokjal83 айтады:

    Макпал,маған да жібере аласыңба?үнтаспасын?

  7. maqpal айтады:

    барлықтарың алған шығарсыңдар деген үміттемін

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s