Жан иірімдері

Адамның жан дүниесі түпсіз-тұңғиық ғарыш сияқты ғой. Кей кезде сонда болып жатқан құбылыстарды түсінбей, басым қатады. Соларды зерттеген кезде алғашқы қауым адамы сияқтанамын.

Айталық, көңіл-күйге байланысты жұмыс істеу. Осы құрғыр әдеттен арыла алмай-ақ қойғаным. Көңіл-күй деген не ол? Ол ауа-райы сияқты құбылмалы нәрсе. Бірде жылы, бірде салқын, бірде мүлде аяз. Ал оған байланысты жұмыс істесең, не болады жұмысың?

Қара сөзбен жеткізсек, көңіл-күйдің әке-шешесі жан мен тән дейді Шәкәрім. Яғни, қайсысына тартса, солай боп шығады дейді. «Егер ұзақ өкінетін жағдайда қалғың келмесе, онда көңілің нені қаласа, соны істеме» дейді тағы бірі ғұлама. «Көңіл деген көк дөнен» дейді халық мақалы. Бұл қанатты сөздерге сенсек, көңіл-күй тәртіпті жақтырмайтын, өз дегенін жүзеге асырғысы келетін «гедонист» болып шығады. Олай болса, бойдағы тұрақсыздықтан қалай арылуға болады? Көңіл-күйді басқарудың механизмдері бар ма? Мені мазалайтыны осы

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to Жан иірімдері

  1. urimtal айтады:

    Бар. Ғазалидің еңбектерінен табасың жауапты. Жан туралы жазбаны тәуелсіздік күнінен кейін жариялаймын деп жүр едім.

    Тимурдың блогында жақсы бір аудиолар бар. Тыңдаған боларсың. Кейбір сұрақтардың жауабын сол жерден табуға болады.

  2. Балжан айтады:

    Кім екенін ұмытып тұрмын, бір философ ешқашан қуанбаған, ешқашан мұңаймаған екен. Тіпті, жақыны қаза болғанда да қайғырмаған, қолына байлық, мансап тигенде қойша көтерген екен. Ол көңілінің тұрақтылығына, өзін-өзі ұзақ жылдар бойы тәрбиелеу арқылы жеткенін айтыпты. Мен бұрын қалай жақының қайтыс болғанда қайғырмауға болады деп түсінбеуші едім. Сөйтсем, көңіл тұрақтылығы деген осы екен ғой. Бірақ, адам болып туғаннан кейін, сезіміңді жоғалту-тіршілігіңнен айрылу сияқты меніңше.

  3. Қайтарма үнқосу: Жан туралы « Өрімтал

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s