Тәуелсіздік туралы ой

Ойлап отырсам, біз оқыған тарих пен оған қазіргі көзқарас арасында үлкен ор жатыр. Кей кезде «ол оқиға олай болмаған, шындығында былай еді» деген сияқты мақалаларды оқып отырып, сонда жылдар бойы біз немене әншейін ертегілерді оқып келгенбіз бе деген тәрізді ойлар келеді. Менің тарихымды кім қайтарып береді? Әлде тарихтың бәрі құр саясаттың ойыншығы ма? «Өтіріктің балынан шындықтың уы артық» деген ғой Бауыржан атамыз. Сол айтпақшы, қашан нормальный адамдарша тарихтың көлеңкесін емес, өзін оқимыз екен.

Қазір жастардың бәрі жалынды сөздер айтуға әбден машықтанып алған. 10 жастағы жиенім «Қазақстан – Нұротан – Нұрсұлтан» деп сыдыртып айтып тұр. Мектепте осылайша ұрандатып айтуды үйрететін көрінеді. Мемлекеттік идея, патриотизм, тәрбие деген ұғымдарға еш қарсылығым жоқ. Бірақ сау ақылмен ойлап қараңызшы! Бұл сол баланың бойындағы елге, мемлекетке деген махаббатын қалыптастыра ма? Бәлкім, кешегі заманда мұндай әдіс өтімді болған шығар. Бірақ тек қазір емес.

Қазір технология дәуірі. Уақыт тар, міндет көп. Сіз қайда болмаңыз, технология дәуірінің бір сипатымен кезігесіз. Барған сайын ғылымдар саны тармақталып, қарапайым адам білуі тиіс нәрселер көбейіп барады. Егер балалар осы заманның машығына дайындалмай, «нұр отан» деп құрғақ ұрандатуды ғана білсе, онда не болмақ?

Бірін айттып, бірінен кеттім. Өкінішке орай, Тәуелсіздік күні алғаш келген ой осындай болып тұр. Бірақ әрбір адам үшін бәрінен маңызды нәрсе бар. Ол өзінің ішкі рухани Тәуелсіздігі. Жаратқан ием сол тәуелсіздіктен арылтпасын! Тәуелсіздіктеріңіз арта берсін!!!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to Тәуелсіздік туралы ой

  1. signore N айтады:

    Тәуелсіздігіміз Тәңірдің тәбәрігі болғандықтан да Құдайдың қалауы ғой… Әмәнда солай болғай! Тәуелсіздігімізбен!

  2. Myrza айтады:

    Bos ambisiyany koiyp, kerek ispen ainalysar kez keldi. ony bari bilip otyr. birak sony kolga alatyn adam jok..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s