Monthly Archives: Қаңтар 2011

Блогкэмп пен баркэмп

Өткен сенбіде алматылық блогшылар жиналып, тағы бір мәрте блогкэмптің шаруасын талқылап тастадық. (Өкінішке орай, фотоаппаратымның батареясы таусылып, сурет түсіре алмадым)

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 2 пікір

Азиада, интернет, блогшылар

Ара-тұра қайда барып, не көргенімізді де жаза кетейін. Осы жұмада GSM Қазақстан компаниясы журналистер мен блогшылар үшін арнайы пресс-тур ұйымдастырып, Азиада ойындары өтетін жерлерде интернеттің жылдамдығын сынатқызып көрді.

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 1 пікір

Кездесу! Кездесу!

Әлгінде әр сенбі күні кездесіп, блогкэмп бойынша есеп жасауға келісіп едік қой. Ертең сағат 18.30-да Фурманов пен Қазыбек көшелерінің қиылысында орналасқан «Медианеттің» ғимаратында кездесуді жөн көріп отырмыз. Пицца-миццасы жоқ демесең, қалаған мәселеңді талқылап, тіпті тақтаға да тәп-тәуір «формулалар жазып, талдап … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Алматылықтардың минибаркэмпі

«Темірді қызғанда соқ» демекші, негізі бұл жазбаны кеше кешкісін жариялап тастайыншы дегем. Кеңсеміздің есігін тақылдатып-тақылдатып, аша алмадым. 😦 Сонымен кеше кешкісін шамамен онға жуық блогшы жиналып, алда жоспарлап отырған блогкэмпті талқыладық. Мен байқау жағына жауапты болғандықтан соған қатысты айтайын. Наурызда … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Кілтсөздері , , , | 12 пікір

Едіге Мағауиннің сұхбаты

«Алаш айнасы» басылымының соңғы санында Азаттық радиосының директоры Едіге Мағауинмен сұхбат жарияланған екен. Мақаланың қысқартылған нұсқасын жариялап отырмын. 

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Кілтсөздері , | Пікір қалдыру

Бір сұрақ – бір жауап

Абай.кз сайты белгілі математик Асқар Жұмаділдаевпен интернет-конференция ұйымдастырған екен. Сұрақтар біржақты емес, әртүрлі. Сонысымен қызықты. Оның арасында мына бір жауап ерекше ұнады: Сұрақ: Батыстың дамуын біраз ғалымдар Лютер мен Кальвиндер өмірге әкелген протестантизм дінімен байланыстырады. Демек, ғылым, экономика діннен бөлек … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Кілтсөздері , | 1 пікір

«Сүйемін» (Мағжан)

Құқығы тапталып, пәтер сағалап, мұз ерітіп, су ішіп жүрсе де, қазақ баласы сол күйінше бала мінездес аңғал. Әр нәрсеге еліктейді, әркімді үлгі көреді, бәрін істегісі келеді, бірақ артына қараса ешнәрсенің басын ұстамаған. Дүние жын қуған бақсыша безіп, әлденеге асығып барады. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 2 пікір