Бір сұрақ – бір жауап

Абай.кз сайты белгілі математик Асқар Жұмаділдаевпен интернет-конференция ұйымдастырған екен. Сұрақтар біржақты емес, әртүрлі. Сонысымен қызықты. Оның арасында мына бір жауап ерекше ұнады:

Сұрақ: Батыстың дамуын біраз ғалымдар Лютер мен Кальвиндер өмірге әкелген протестантизм дінімен байланыстырады. Демек, ғылым, экономика діннен бөлек болмады ғой. Ғалымдардың дінді сынайтын не жөні бар?

Асқар аға: – «Дүние жалған» деген ұғымды өкінішке қарай, кейбір мұсылман “білгіштері” теріс түсіндіреді. «Дүние жалған, нағыз өмір о дүниеде басталады».  «Жұмақ,  хор қыздары,  өздігінен пісіп, аузыңа түсіп тұрған жеміс, нағыз рахат…» «Бірақ бұның бәрі о дүниеде болмақ».  Яғни, бұл дүниеде аса тырысудың қажеті жоқ, аса жан ауыртып  еңбек қылудың керегі жоқ,  бәрібір бар жақсылық өлгеннен кейін басталады деген сияқты. Өкінішке орай, бұл психология қазақтың әндеріне, аңыздарына,  ойлау болмысына терең енген.  «Дүние қайран, жас кезіңде ойна да күл» дейді. Тек қана бір қазақ – Құнанбайұлы Ибраһим деген кісі «қайратың барында еңбек қыл, ғылым үйрен, мал тап» дейді.

Лютер мен Кальвиндер о дүние ұғымын жоққа шығармайды. Бірақ жұмаққа барар жол бүгіннен, өзіңнен басталады дейді. Өзіңе сен, аянбай еңбек ет, басыңды істет, нағыз сауап іс осы дейді. Батыстың қатты дамуының бір себебі осында жатқаны хақ. Сондықтан батыстың дамуын  ғалымдардың протестантизм дінімен байланыстыруы кездейсоқтық емес.

Қарсы сұрақ. Ғалымдар дінді не үшін сынамауы керек?»

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to Бір сұрақ – бір жауап

  1. balzhan айтады:

    Асқар аға мықты кісі ғой жалпы.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s