Едіге Мағауиннің сұхбаты

«Алаш айнасы» басылымының соңғы санында Азаттық радиосының директоры Едіге Мағауинмен сұхбат жарияланған екен. Мақаланың қысқартылған нұсқасын жариялап отырмын. 

1. Өткен жылы әлем бойынша 24 тілде хабар тарататын Азаттық радиосының президенті Джеффри Гедмин Қазақстанға арнайы іссапармен келіп, қазақ билігімен кездескен кезде Азаттық радиосын FM жиілігінен шығару мәселесін қозғаған еді. Бұл турасында Едіге Мағауин:

«Қазақта  «ауруын жасырған өледі» деген сөз бар ғой, сол секілді түрлі пікірлерді ашық талқылаған жағдайда ғана біз ары қарай оң бағытта дами аламыз. Кез келген, тіпті керемет дамып кетті деген АҚШ, Еуропа секілді елдердің өзіндік проблема, өзіндік қиындық, өзіндік «аурулары» бар. Және оны шешудің жалғыз ғана амалы – оны ашық айтып, талқылау. Халықтан жасырғаннан ешкім ештеңе ұтпайды. Кеңес кезінде «Азаттық» радиосы туралы «бұл елді жамандайтын радио» деген көзқарас қалыптастырды. Бірақ соған қарамастан, бізді халық тыңдады және төрелігін де халық берді. Сол сияқты бүгінгі күнде де Азаттық радиосына қатысты ел ішінде түрлі пікірлер болуы мүмкін, бірақ менің ойымша, соңғы төрелік – халықта» деді ол.

2. Қоғамдық телеарна ашу хақында:

«Халық оған әлі дайын емес» деген пікір көбіне ақпараттың еркін тарауына шектеу қойғысы келетін кейбір биліктегілердің айтатын сылтауы дер едім мен. Неге халық дайын емес? Сонда қоғамдық телеарна қалыптастырып отырған халықтың қайсыбірінен біздің қай жеріміз кем? «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген дана ойды осыдан ғасырлар бұрын айтқан халық ХХІ ғасырда қалайша қоғамдық телеарна құруға дайын болмай қалмақ? деді Едіге Мағауин.

3. Қазақ эмиграциясының өткені мен бүгіні туралы:

«Мен, өз басым Ақаң мен Жақаң бастаған Алаш қайрат­керлерінің кезінде эмиграцияға шығып кетпегеніне өкінемін. Жасыратыны жоқ, мәселен, біздің украин, белорус, грузин т.б. өзге ұлттан әріптестеріміз бар. Олардың барлығының да совет өкіметі орнаған кезде сыртқа шығып кеткен зиялылары бар. Олардың барлығы сыртта жүріп, қысқа мерзімде ғана Тәуелсіздіктің дәмін татып қалған өз елдеріндегі ұлттық рухтың шетте сақталуына үлес қосқан еді…. Ал бүгінгі жағдай – басқаша. Бұрынғы эмигра­цияның барлығы идеологиялық негізде болатын, ал бүгінгісі: түрлі экономикалық жағдайларға байланысты сыртқа кеткен адамдар бар, билікте қызмет атқарып, сонан соң әртүрлі жағдайда шекара асуға мәжбүр болғандар бар. Сондықтан меніңше, бүгінгі эмиграция бұрынғыдан әлдеқайда күрделі»

4. Сөз бостандығы турасында:

«Біз үнемі біреумен өзімізді салыс­ты­рамыз да жүреміз. Меніңше, осы «қуып жетеміз, басып озамыз» деген сияқты советтік кезеңнен қалған үрдіс қой деймін. Мәселе, біреуді басып озуда емес, бастысы – осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың жағдайы қалай, соған назар аудару керек қой….Егер халық күнделікті өмірде бала-шағасына дұрыс тәрбие бере алмайтын болса, көшеге шыққанда өзін қауіпсіз сезіне алмаса, өзара сөйлескенде, пікірлерін еркін айта алмайтын болса, онда Батыстағы бір жердің тізіміне ілінудің пайдасы қанша?»

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s