Сәуірдің 12-сі күні – ғарышкерлер күні

Биыл ғарышкерлер күні тұңғыш мәрте халықаралық деңгейде аталып өтіп отыр. БҰҰ оны әлемдік деңгейде тойлау туралы қаулы шығарды.

Ғарыш, космос, ғалам дегенде кез келген адамның көз алдына жұмбақ, тылсым, ғажап дүниелер елестейтін шығар. Барша адамзатқа мекен болған Жердің өзі өзге ғаламшармен салыстырғанда түйіршік, тозаң екенін білгенде, барша ғаламды кеудеңе сыйдыра алмай әлек боласың. Ал осы әлемді бір сәтке болса да адамдық болмыста көріп, түйсіне алған ғарышкерлер қандай бақытты десеңізші.

Адамзат ғарышты игеруінің арқасында көп пайда тапты, түрлі ғылым салалары пайда болып дамыды, игілігін қазір көріп те келеді. Дегенмен адамзаттың ғарышты игеруі тек жетістік әкелді деуге тағы да болмайды.

Айталық, Байқоңыр. Атағы әлемге жайылған Байқоңырда түрлі ракеталардың ғарышқа аттанғаны турасында жиі айтылады. Бірақ ондағы экология, халықтың әлеуметтік жағдайы тек жетістікті айтып әдеттенгендерге «сәтсіз» де «көңілсіз», «үйренбеген ыңғайсыз тақырып». Толассыз ракеталар ұшып жатқан өңірдегі халық қазір зар еңірейді. Экология тым нашар, ауру-сырқау бойынша бұл өңір республика бойынша алдыңғы орындарда тұр. Тым болмаса, осы айлақтың ел игілігін көріп жатса ғой. Дайындықтан өткен екі ғарышкерімізді де ұшыра алмадық.

Сонда деймін. Кім үшін? Не үшін? Онда мүгедек боп туылған баланың не кінәсі бар?  Халықтың денсаулығын құрбан ететіндей ол не соншама? Конституциямызда «мемлекеттің ең бірінші байлығы оның халқы мен денсаулығы» деп жазылған. Сонда ондағы халық адам санатына кірмей ме?

Бұған қоса, адамдардың тұңғиық ғарыш кеңістігіндегі өзге планеталарды зерттеуге көп қаражат жұмсап, ракета жұмсай беруін мақұлдай бермеймін. Бір ракета ұшыру үшін қаншама қаражат шығындалады. Оның үстіне Талғат Мұсабаевтың да өзі: «өзге планеталарды зерттеуге кеткен корабльдер әдетте, сәтсіздікке ұшырайды. Жаратушының тыйымы сияқты» дегені бар емес пе. Бұл тым «глобальный» ой болғанмен жалпы бағыт осылай болу керек сияқты. Сендер қалай ойлайсыңдар?

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to Сәуірдің 12-сі күні – ғарышкерлер күні

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s