ЭкоБлогия

Бүгін Мәскеуде экологиялық тақырыпқа жазатын блогшылардың халықаралық форумы басталды деп ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр. Онда мәселен мынадай өте маңызды проблемалар талданатын көрінеді: экологиялық проблемалардың шешілуіне кім көп үлес қоса алады: журналистер ме, блогшылар ма? Ғаламдық климаттың өзгеруі: табиғат және интернет т.б

Бұл форумға ондаған елдерден (Вьетнам, Үндістан, Қытай, Таиланд, Филиппин, ОАР, Гватемала т.б) блогшылар қатысып жатқан көрінеді. Олардың арасында Қазақстаннан да барды деп жатыр. Кім барды екен, қызық? Білгендерің бар ма? Орыстілді блогшылардан барған шығар деп отырмын.

Жалпы айтайын дегенім, бізде экология тақырыбына дұрыс көзқарас қалыптаспаған. Оған «безобидный» тақырып сияқты қарайды. Ол пиар жасаудың ең тиімді тәсілі. Шын мәнінде бұл өте-мөте маңызды проблемалардың бірі ғой. Бір ғана мысал, әлгінде дәл сағат кешкі 6-ларда Фурманов көшесінің бойынан такси ұстап отырдым. Көлік ішінде сондағы тұншыққанымды көрсеңіздер. Ауа жоқ. Ауа бар, бірақ ол бензиннің иісі. Оның үстіне айналаның бәрі көлік. Машина кішкене жүріп тоқтайды. Әбден зықым шықты. Алматының ауасы саф таза емес екенін білеміз ғой. Бірақ осыншалықты лас екенін білмеппін. Өз басым Көктөбе жақта тұрам. Ондағы ауа салыстырмалы түрде өте таза. Ауылда тұрғандайсың. Күн сайын қалаға келгенде ондағы ауа мен мұндағы ауадағы айырмашылықты сезінесің. Ал қаланың ортасында тұратын адамдар сонда қалай өмір сүріп жүр деп ойлайсың. Әлгінде бір жерден естігенім бар, Алматының ауасы бұрынғыға қарағанда тазарып барады деген ақпаратты. Жаңағыдан кейін қалай тазарып бара жатыр деп айта аласың. Оның үстіне барған сайын көліктер саны көбейіп барады, ағаштар кесіліп жатыр. Экологиялық ұйымдардың өздері жалтақ. Отчет қуған заман. Бірнәрсе болса, цифр санай бастайды. Әлгінде баркэмптегі бір маман айтқандай, «цифрды санаудың қажеті жоқ, проблеманы шешу керек» қой. Экология мәселесі сонымен қатар әрбір адамның экологиялық мәдениетіне де байланысты. Осыдан бір жыл бұрын бір суретші қыздың айтқаны есімнен кетпейді: «жерді өзіміздің бетіміз сияқты елестету керек. Саған біреу түкірсе, қоқыс лақтырса, жақсы ма?» деп. Сондықтан әрбір адам айналаның таза болуы 0,000001 процент өзіне тәуелді екенін білсе, түсінсе, абзал болар еді. Ал манағыдай блогшылардың экофорумы Қазақстанда өтуі үшін қанша жыл қажет екен. Экологиялық тақырыпта жазатын тұңғыш блогшы болуға асығыңыз!!!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to ЭкоБлогия

  1. balzhan айтады:

    осы мәселе мені қатты мазалайды. Расымен де жазу керек. Жақсы көтерілген мәселе екен. Енді бір 20 -30 жылдан кейін қалай болады екен? тіпті ойлағым да келмейді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s