Менің атақты замандастарым

Қазір атақты адамдар көп. Атағы жер жарған адамдар менімен қатарлас замандастарымның ішінде де көп екен. Бүгін солардың кейбіреулері туралы ақпарат жариялап отырмын. Әншейін, қызық

Марк Цукерберг – күн сайын қарап отыратын әйгілі Фейсбуктың негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі таңда ол әлемдегі ең бай адамдардың бірі де. 2010 жылғы мәлімет бойынша, оның байлығы 6,9 млрд долларға жеткен екен. Цукерберг десе, маған әлгі «Әлеуметтік желі» фильміндегі актер елестейді. Сол фильмді көргеннен кейін Цукербергтің шынайы түрін көрейінші деп, гуглмен іздесем, мүлде басқа боп шыққан. Тек бітбеткейліктері ұқсамаса.

М.Цукерберг – 1984 жылы мамыр айында Нью-Йоркте дүниеге келіпті. Әкесі – стоматолог, анасы – психиатр болған екен. Бастауыш сыныптарда оқып жүргеннен-ақ программалау ісіне қызыққан оны алғашқы компьютерлер пайда болысымен-ақ таңғажайып техника әлеміне жетектеп кете барады. Сөйтіп жүріп, тоғызыншы сыныпта оқып жүрген кезде «Тәуекел» ойынының виртуалды нұсқасын жасап шығарады. Бұл атақты программистің алғашқы жетістігі дейді білетіндер.

Мектепте оқып жүріп сонымен бірге досы екеуі MP3 тыңдайтын  – player Winamp бағдарламасын жазып шығарады. (Бұл жайында «Әлеуметтік желі» фильмінде де бар ғой, естеріңде ме) Осы үшін Майкрософт компаниясы оған шамамен 2 млн доллар ұсынған екен. Бірақ неге екені белгісіз, ол бұл ақшадан бас тартқан екен. (не деген ақымақ деймін ау)))))

Ол атақты Гарвард университетінің түлегі. 2010 жылы «Тайм» журналы оған «Жыл адамы» атағын берді.

Аврил Лавин – канадалық атақты әнші. 1984 жылы қыркүйек айында Канадада католик отбасында жарық дүние есігін ашқан.  Өнер адамдарының бәріне тән ортақ биографиясы бар: кішкентай кезінен бастап, ән айтуды қатты жақсы көрген екен. Әуелі шіркеуде хор айтып жүреді, кейіннен достарымен бірге жас таланттарға арналған түрлі конкурстарға қатыса бастайды. 13 жасында гитарада еркін ойнап, өзі шығарған әнін орындайтын деңгейге жетеді. Конкурстан конкурс, фестивальдан фестиваль талантты қыздың ел арасында ғана емес, әлемге танымал болуына ықпал жасайды. 18 жасында «Let Go» деген атпен ең алғашқы әндер жинағын шығарады. Әрине, қысқартып айтып жатқаным ғой. Негізі оның табысқа жету жолы тым ұзақ боп келеді.

Бүгінгі таңда Аврил Лавин – өте танымал әншілердің бірі. Оның кейбір әндері маған да ұнайды. Әсіресе «Tomorrow», «My happy ending» әндерін жиі тыңдаймын. Естуімше 2007 жылы тұрмыс құрған.

Кира Найтли – голливуд жұлдызы. Көбіне, тарихи фильмдерде ойнайды. 2005 жылы түсірілген «Гордость и предубеждение» фильмінен оны білем. Бірақ менімше, ондағы Элизабеттің рөлін БибиСи түсірген фильмдегі актрисадан артық ешкім ойнай алмайтын сияқты. Масқара керемет түсірілген. Сөзбен айтып жеткізу қиын.

Ал жалпы алғанда одан басқа Кира Найтлидің өзге фильмдерін өте көрмеппін. Менімен жасты болғасын айтып отырмын. Ол – 1985 жылы наурыз айында Лондонда дүниеге келген екен. «Талаптың мініп тұлпарын» демекші, ол кішкентайынан киноға түсуге күш салады дейді білетіндер. Сол талабының арқасында жеті жасынан бастап киноға түсе бастапті. 11 жасқа дейін орташа бюджетті бірнеше фильмге түсіп үлгереді.  2002 жылы оның жұлдызды сәті туады. «Играй как Бэкхем» фильміне түсіп, ондағы  басты рөлді сомдайды. Мамандардың айтуынша, фильм жұмсалған қаржыны 20 есе артық қайтарған деседі. Ал актрисаның атағы содан бастап еселеп арта түседі. Оны енді мен мұндалаған Голливудтың өзі шақырады. Оның соңғы фильмдері: «Анна Каренина», «Император ұрпағы», «Қауіпті амал», «Стив» т.б

Роберт Паттинсон – кәдімгі «Сумерки» фильмінде ойнаған актер. Оның жүзін танығанмен аты қалай еді деп гуглмен іздеп әрең таптым. Ол да британдық актер, 1986 жылы мамыр айында Лондонда дүниеге келіпті. Бозбала шағында жергілікті әуесқойлар театрында өнер көрсетуі оның өмірінің компасы болды десек те болады. Себебі, сол актерлық мектептен өту арқылы ол экранға шығады. 2004 жылы ең алғаш рет шытырман оқиғалы боевикке түседі. Сол арқылы оны өзге режиссерлер байқап, фильмдеріне шақыра бастайды. 2004 жылы «Ярмарка тщеславия» фильмінің режиссері эпизодта ойнап көруін сұрайды. Бұл режиссерге ұнамаған болуы керек, ақпаратқа қарағанда оның қатысуымен түсірілген кадрлардың барлығы монтаж кезінде алынып тасталыпты. Осы сияқты сәтсіздіктер бір емес, бірнеше рет қайталанады. Дегенмен бұған мойымаған актер табандылығының жемісін көп кешікпей көре бастайды. 2005 жылы «Гарри Поттер и кубок огня» фильміне түсіп, актердың жұлдызды сәті туады. Сол фильмнің арқасында оны өзге фильмдерге түсе бастайды. Өз басым оны «Сумерки» фильмінде ғана көріппін. Ақпараттарға қарағанда он шақты фильмдердегі басты рөлдерді сомдаған көрінеді.

Әзірге, осы. Тағы да жазайын десем, есіме түспей отыр. Бәлкім, есіме түсірерсіңдер, ә?

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

9 Responses to Менің атақты замандастарым

  1. gtkz айтады:

    Ал ақазақстандық замандастарыңыздың арасында қайсылары танымал?

    • maqpal айтады:

      Қазақстанның өз ішіне танымал жастар көп қой. Бірақ әлем білетін жастар бар ма, жоқ па, өз басым білмеймін екен

  2. monti айтады:

    жақсы, деректер!!!
    ужас кираны жасы үлкен екен деп жүріпін 🙂

  3. jansezim айтады:

    рахмет

    Курметпен, Бахытгуль

  4. kokjal83 айтады:

    қазақстаннан әлем танитын атақты жас шығу үшін бір самолетты барымталап алып Ливияға көмекке барып полковникты қолдау керек.қалай Мақпал,жақсы ой ма?

  5. kokjal83 айтады:

    Олжас ағамыздың қасында кімдер жүргені белгілі болды…хе хе
    өзі де бір күні самолетты барымталап АҚШ қа қарай ұшпасын …

  6. balzhan айтады:

    Мә Мақпал менің жанды жерімнен ұстадың ғой. «Отызға келіп қалдым…»- деп, қайғы жұтып жүрсем. 😉

  7. jbek айтады:

    Не Қазақстандың бір танымал тұлғаны таппай отсыңдарма?

    Мен әлемге танымал бір Қазақстанды қызды білем оның ерен еңбектерінің бірі блогқұрылтайды алғаш ұйымдастырушылар қатарынан…
    нағыз қонақжайлылығы мен бязы жайдарлы мінезі әлемнің назырын аударған еді және бір ол қыз жайлы ақпарат ол волейбол тамаша ойнайды.
    Сыртқы тұлғасы өңі ақ сары,өзі көзілдірікті, көзі көк, кірпігі қоңыр,даусы баязы,боиы талдырмаш…..

    Енді сұрақ ол кім?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s