Жүз жыл бақты болсаң да…

«Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деген осы. Әділ Нұрмақовтың блогынан Қазақстандағы ірі «мұнай магнатының» қызы – құны бір жарым миллион доллардан астам тұратын іші-сырты алтындатылған-күмістетілген көлікке тапсырыс бергені туралы жазба оқыдым. Осыған дейін онда дәл осындай қымбат көлік болған екен де. Енді оны менсінбеген қыз «одан да жүйрік, қуатты» көлік алайын деп отыр. Адамның нәпсіқұмарлығында шек жоқ екен деймін де. Шетелдіктер де ойлайтын шығар, не деген ақымақ адамдар деп.

Айтайын дегенім, халықтың сорына айналған мұнай тым болмағанда халыққа басқа жолдармен қайтса ол да бір көңілге демеу екен ғой. Ал бірақ қанекей?… Ақшаның жоқтығынан Қазақстанда қаншама пайдалы жобалар қаңырап тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір жас ғалымды көрген едім. Суды тоқпен тазартатын бір құрылғы ойлап тауыпты. Ақшаның жоқтығынан жоба тек теория жүзінде ғана ғылыми жаңалықтардың аттарын толтырып тұр екен. Қазір оның патентін өзге елдер сатып алып үлгерген шығар. Сол сияқты мысалдар жетіп артылады.

Әрине, кім қалай жатып-тұрам, не ішіп жеймін десе де өз еркі ғой. Бірақ «судың да сұрауы бар емес пе?» Ал оны қаперіне алып жатқан кім бар? Оның үстіне сонша ақшаны темір-терсекке шашу – жындылық емес пе? Кей кезде біздегі байлардың балаларын материалдық құндылықтарға құмарын қандыра алмай жүрген кішкентай балаға ұқсатам. Алматының көшелерімен ызғытып қатты көлік айдағанды біледі, «модный нөмер», «модный билет» т.б т.т Дайын оқу, дайын жұмыс, дайын көлік, дайын үй…

Ал бұл кезде ақшасы бар шетелдің жастары сонау Америкадан келіп, айдалада қазақ ауылына барып, қазақ тілін үйреніп жүр. Олардың қандай мүддені көздегенінде шатағым жоқ, бірақ рухани құндылықтарға ұмтылудың өзі артық іс емес пе.

Осындайда Абай атамыздың мына бір сөзі еске түседі: «қазақты түзеу үшін байлық пен билік керек» деген. Бізде билік-байлыққа осы мақсатта ұмтылып жүргендер бар. Олардың әрекеті ақтап аларлық. Ал мына адамдардың әрекетін немен ақтайсың?

Бұдан да терең Шәкерім атамыздың сөзі бар:

«Жүз жыл бақты болсаң да, Алтын таққа қонсаң да, …Айрылған күні ол кейіс. Қанша азап тартсаң да, Аш-жалаңаш қатсаң да,… Құтылған күні ол бейіс» (жалпы мағынасы осындай) Мәселе осы Айрылу мен Құтылудың мәнін ажырата білуде жатқан сияқты.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

7 Responses to Жүз жыл бақты болсаң да…

  1. Өркен айтады:

    Е, шіркін, тамағы тоқтық, ақшасы көптіктен есіріп, естен кеткен, есептен жаңылғандардың тірлігі ғой, Құдай ақырын берсін мұндайлардың… Тыңық мұхитта жантәсілім еткен киттің қайдағы бір қасасының терісінде не бар десейші, бейшара-ай! Китті айтам да)))

  2. aizhannur айтады:

    tuk kormegendik bul, Makpal. Sosyn, tagy bir narse, ozin tolykkandy tulga dep sanai almaityndar, kompleksterdin astynda komilgen jandar osyndai mawina, ui, tipti altynnan unitaz jasatady. Nege? 4toby utverditsya v svoih glazah i glazah okrujauwih.
    Mawinany kumis pen altyn tugil, platinadan jalatyp, dongelegine gauhar tas jabystyrsa da adamnin iwki duniesi baiymaidy goi 😦

  3. Қосақ айтады:

    Қашанға дейін созылар дейсің, «дүние – кезек» дейді ғой Қазақ!

  4. balzhan айтады:

    Перис Хилтонға еліктеген біреу ғой. Өзі оригинальный ештеңе таппады ма екен? Фу! Жүргеім айниды осындай әйелдерден.

  5. shokan айтады:

    Бар болғаны басқалардан ерекше көрінгісі келген болар. бірақ ойласаңдар бұл ерекшелену емес керсінше басқаларға ұқсас болу. «Ееее ақшам болса жәннәттән да жер сатып алар едім…. депті мыс «

  6. жандос айтады:

    шәкәрім атамызға тан қалам, керемет ойын жеткізген, бугін осыған ұқсас менін де басымнан өтті. Бір бала кезден бір өскен сыныптас бірақ дос деуге келмес, таныс дей салайын.Бірақ 15 ербала оқыдық еш қайсысы оны дос көрмейді. Менің көбірек атыма сай болғанымнан деп ойлаймын,бұнымен араласып журдік.Қысқасы Ас атқанға -тас ататынның нағыз өзі екеніне абден көзім жетті. Өзі пагондылар катарында істейді.Масқара анаданда осындай адам бейнесіндегі журегі жок роботтар туылады екен-ау.Жанында жур ???????? адам деуші еді.Білмеймін жумыстас бірге істейтін олда сонын егізі десем болады.Жасы 25 те ұраны: ұялма-аш қаласын. Мақсаты:еш қиналмай төрге шығу тезірек, алсіздерді шама келсе аямау керек, ұят түкте емес.Ол үшін жай ғана сөз тіркесі сияқты.Ауылда жастар не боп кеткен-ей көбісі әулие,керсінше кішпейілдік кайда кетті аңсайтын болдық-ау

  7. жандос айтады:

    кайсы алгі ақшан болса бітті дейтін материалистерге айтарым, сондай жас мамандар тойдырды,шікірейіп шамасы келсе арманы адамдарды турап жібергісі келеді,машинаны мініп,ит адамнын-досы деуші еді.Керсінше жолда трассада басып езіп өте береді.Өйткені ол здача қайтармайды, заңда сұралмайды.Міне саған ақшаның көптігі деп озімді жұбатып қоямын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s