«Сақтансаң – сақтаймын»

Кеше бір дөңгелек үстелге барсам, мамандар «жер сілкінісі кезінде ақпарат құралдары дұрыс міндеттерін атқарған жоқ, Алматы халқы паникада болды» деп ренжіп отыр екен. Рас, естуімше Алматыда мамырдың 1-і күні халық ақпарат таба алмай зар болды дейді. Өз басым ауылда болдым. Бірақ ауылдың баяу интернеті арқылы там-тұмдап ақпарат алып отырдым агенттіктерден. Журналистердің бәрі мен сияқты демалыста болып, жан жаққа шашырап кетті емес пе, ақпараттың аз болғаны рас шығар. Енді ғана интернетте, ақпарат құралдары жер сілкінісі жайлы айтып жатыр.

Бүгін «Время» газетінде бір сейсмолог-ғалымның сұхбаты жарияланыпты. Сондағы ең маңызды бөліктерін аудардым.

«Время» тілшісі: – Төтенше жағдай департамент өкілдері 2011 жылы Алматыда 7 баллдан артық жер сілкінісі болмайды деп жатыр. Бұған сенуге бола ма?

Ғалым: – Жоқ. Ешкім де «жер сілкінеді» немесе «жер сілкінбейді» деп кесіп айта алмайды. Сейсмикалық дәл болжам жасау проблемасы әлем бойынша әлі шешілген жоқ. Біз ғылыми тұрғыда ізденіс жолындамыз және ауа райын болжаушылар сияқты іс жүзінде болжам айта алмаймыз.

Тілші: – Көбісі «қандай да бір жанжалдар болған жерде жер сілкінеді», яғни «жер-ана адамдардың қатігездігінен «шаршап», апаттар арқылы белгі береді» деп ойлайды…

Ғалым: – Шынында да өзге әріптестерімізбен бірге бұл тенденцияны совет заманынан бері байқап келеміз. Мысалы, 1988 жылы Спитак жер сілкінісі болған кезде дәл сол уақыттарда Армения мен Әзірбайжан арасында қақтығыстар болып жатқан еді. Сол сияқты өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанды айтуға болады. Әрине, бұл – заңдылық деп айту қиын. Бірақ әлемде мұндай жағдайлар жиі қайталанады. Оның немен байланысты екенін айта алмаймын. Бірақ қазіргі таңда ғалымдар осыған бас қатырып жатыр…»

«Сақтансаң – сақтаймын» дейді ғой. Әрқашан сақ жүрейік! Жаратқан Ием бәрімізді табиғи апаттан сақтасын! Жер сілкінісі болмай-ақ қойсын! Рахаттана еңбектеніп, тыныш өмір сүргенге не жетсін!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s