Кешегі жаңбырды айтам…

Кеше кешке таман Алматыда шелектеп жаңбыр жауды. Айнала аппақ боп көрінбей кетті. Ол аздай бір кезде тарсылдатып бұршақ жаусын. Өз басым ғимарат ішінде болғандықтан сыртта жүргендерді аядым. Анадай домалақ көк мұз басыңа тисе, оңдырмайтын шығар. (бұршақтан таяқ жегендерің бар ма араларыңда, мойындаңдар, кәнеки:)) Сөйтіп айналамыздың бәрі тарс-тұрсылдап кетті.

Жаңбыр салыстырмалы түрде тоқтады дегенде тысқа шықтым. Қырық жамау жолдың қалтарыс-бұлтарыстарының бәрін су толтырған, жоғарыдан төменге қарай өзенше ағып жатыр. Жаңбыр астында қалмадым деген аты болмаса, су кешіп, әйтіп-бүйтіп тоғыздарда үйге әрең жеттім. Жаңбыр жауса, Алматының көшелерінің бәрі көлге айналатыны несе екен, осы?!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

6 Responses to Кешегі жаңбырды айтам…

  1. urimtal айтады:

    Сәл жел тұрса, Алматының ағаштары тамырымен қопарылып түсетіні бар ғой. Бір турист қаза болып, бірі жарақат алыпты деген ресми ақпарат жүр. Нөсер басылған соң шығып едім, Райымбек пен Абылайхан қиылысындағы подземка іші суға толып кетіпті. Өту мүмкін емес. Басқа подземкалар да солай болған шығар. Райымбек бойында жол шетіндегі көліктің үстіне бір ағаш құлап түсіпті. Ағаш тамырымен қопарылған. Көлік ішінде адам болмағанға ұқсайды. Кран келіп, тазалап, аршып жатқан еді.

    Түсінгенім: Алматы(лықтар) ешбір табиғат апатына дайын емес тәрізді…

    • elvira айтады:

      қайтыс болған жігіт 24 жасар.. обал-ай. қасындағы 22 жасар қыз жарақат алған.

    • Розатай айтады:

      Мен дүкенге бара жатқанда, күн ашық еді. Дүкеннен шыққанда, аспан түнеріп, айнала қап-қара боп кеткенін көрдім. Сосын жатақханама жете бере, маңдайыма тастай бірдеңелер тоқ ете қалды 🙂 Аспанға қарау невозможно болды ғой. Қасымдағы құрбым жалма-жан соткасынан күнтізбеге қарап, «бүгін жұма емес пе?» деп қарап жатты. Адамның ойы сан-саққа кетеді екен, құрсын

  2. жандос айтады:

    Бұл бекер емес, сірә, енді табиғат не дейді адам баласына.Өкпелегені шығар.Адам қашан табиғатты қурметтеуді уйренеді,сонда ғана барі дұрысталар бәлкім.Ай -қап қайдан енді ет жегіш қасапшылар тұрғанда.Итті өлтіретін джиптер тұрғанда

  3. estetika91 айтады:

    Қалай десек те, сол жаңбыр әрқайсысымыздың ойымызды сан саққа жүгіртті. Мен ол кезде Ғ.Мүсіропов атындағы жастар мен жасөспірімдерге арналған академиялық драма театрында «Күшік күйеу» комедиясын тамашал отырғанмын. Бір кезде, қатты тарсылдаған дыбыс естілді. Қойылымның қызығына кіріп кетіп, барынша күліп отырған бәріміздің де күлкіміз сап тыйылды. Бір нәрсе болғаны анық еді. Жанымдағы құрбыма қарасам, оның көздері шарасынан шығып кеткен: «Қатты жауып жатқан жаңбыр болар, қызық біз келгенде күн ашық еді ғой» ,- деп маған сұраулы жүзбен қарайды. Тыныштықты сахнадағы әртістер бұзып жіберді…

  4. Қайтарма үнқосу: «Бұлт та бұйрықпен жауады»… « Ұшырсам сені көгіме!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s