БАҚ пен БЛОГ: өзара дос па, қас па?

Интернеттен журналистика саласының маманы Магда Абу-Фадилдің сұхбатын тауып алдым. Шынымды айтайын, бұл есімді бірінші рет естіп тұрмын. Десе де, ондағы айтылған жайттар мен үшін шамалы қызығырақ боп көрінді. Сондықтан аударуды жөн көрдім.

Журналист: Журналистің дәстүрлі медиадағы жұмысы мен блоггерлік рөлін қалай сипаттар едіңіз?

Қонақ: (Магда Абу Фадил): Маған әртүрлі басылымдарда репортер боп, халықаралық сала журналисті болу, редактор боп қызмет атқару қатты ұнайды. Бірақ блогшы болу одан да қызығырақ: мәтініңізді ешкім тексермейді. Бұл өзгеше еркін алаң. Мен журналист болғандықтан әрине, ақпараттың нақтылығына, объективтілігіне қатты мән берем. Яғни, бір сөзбен айтқанда бұл жерде ережелер емес, қолданатын құралдар өзгеріп отыр.

Журналист: Журналистердің онлайн басылымдарға ауысына көзқарасыңыз қалай? Ақша табу үшін блогерлерге не істеу керек?

Қонақ: The Huffington Post (басылымы) маған ақша төлемейді, және оған қарсылығым да жоқ. Менің өзімнің жұмысым бар, ал блог мен үшін хобби ғана. Табыс әкелетіндей сайт болмаса блог аша аламын, бірақ ол үшін уақыт керек. Ал менде уақыт тапшы. Бұған қоса, әр журналистің өз блогының болғаны жақсы деп есептеймін. Ол осы арқылы бір жағынан өзінің аудиториясын да кеңейтеді. Өз басым журналистиканың ашықтығына сенемін.

Журналист: Жақында ғана Араб медиа-форумында болдыңыз. Қандай оймен қайттыңыз?

Қонақ: Араб медиа-форумы — бұл бұрынғы достарыңды кездестіріп, кәсіби байланысыңды нығайтатын тамаша басқосу алаңы болды. Биылғы форумда араб әлеміндегі өзгерістер, революция болған елдердегі жағдай т.б мәселелер талқыланды. Әсіресе, бұл оқиғалардың БАҚ-та қалайша сипатталғаны маңызды болды. Осындай толқу кездерінде ақпарат құралдарына жұмыс істеу қаншалықты қиын болғаны да осы форумда айтылды. Қалайша үздік журналист, коммуникатор болуға болады? Осы жөнінде пайдалы сабақ ала алдық деп үміттенемін.

Журналист: Жаңа медиа кәсіби журналистикаға қауіп төндіреді деп ойлайсыз ба?

Қонақ: Жоқ,егер журналистер бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білсе, әлеуметік БАҚ пен азаматтық журналистика қауіп төндіреді дегенге сенбеймін. Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз:  қазір университет кезінде оқығандарымыздың бәрі ескіріп кетті. Этикалық принциптер сол қалпында қалды дегенмен ақпаратты беру әдістері түбегейлі өзгерді. Мазмұн өзгерді – жаңа өзгерістерге бейімделуге тиіспіз.

Журналист: журналист болу үшін журналистиканы бітірудің қандай қажеті бар?

Қонақ: Журналистика білімін меңгеру үшін қаншалықты күш салу қажет екенін білмеймін. Себебі, қазіргі таңда медиаортаның дамып бара жатқаны соншалықты сәт сайын айнала өзгеріп отыр. Тіпті уақытпен жарысып барады десек те болады. Дегенмен жұмыс берушілердің дипломды талап ететінін де ұмытпауымыз керек. Ең бастысы, қазір технология саласында біліміңді жетілдіріп отыру өте маңызды. Ал еңбек нарығына келетін болсақ, оқу орны түлектері ылғи пайда болып жатқан соңғы тенденциялар мен технология жаңалықтарынан, жұмыс берушілердің талаптарынан хабардар болып отыруы тиіс деп есептеймін.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to БАҚ пен БЛОГ: өзара дос па, қас па?

  1. 12aikon1986 айтады:

    Негізі Медианеттің курсына барып жүргелі осындай сұрақтар көп ойландырып жүр.

  2. Өркен айтады:

    Жақсы пікірлер айтқан екен, келесі бір сұхбаттарымызда осы Магда тәтеміздің сөзінен ұрлап жіберсек, ренжімес ә)))))

  3. Кәусар айтады:

    Жақсы сұхбат екен. Рахмет, тауып, аударып, блогыңызға жариялағаныңызға.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s