Джобс фильміндегі жалған және шынайы фактілер

JobsТамыздың 16-сы күні АҚШ-та Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Джобс туралы фильм прокатқа шықты. Басты рөлді Эштон Кэтчер сомдаған. Бұл фильм пост-советтік елдерге қыркүйектің ортасында жетеді.

Бұл фильм шыққаннан кейін алғашқы естіген жаңалығым – фильмде Джобс образының ашылмауы туралы Apple-дықтардың сыни пікірлері болды.

Джобс замандастарының бірі Билл Фернандес: «Фильм ойдан шығарылғандықтан оны көргім келмейді. Сценаристердің өмірде болмаған нәрселерді ойлап тапқаны үшін көңіл-күйімді түсіргім келмейді…Менің ойымша, егер олар (фильмді түсірушілер ред.) тек шындықты ғана көрсеткен болса – егер оларға әлдекім ненің шын болғанын көрсетсе – онда бұл коммерциялық жоба бола алмас еді» дейді.

Интернетте Apple өкілдерінен интервью алып үлгерген екен. Солар негізінде фильмдегі не өтірік, не шын деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Бірақ бұл «тізім» толық емес екенін ескерте кетейін.

НЕ ӨТІРІК?

Фильмде Джобс пен Стив Возняк (Джобстың досы әрі Apple құрушылардың бірі – ред.) құдды ортақ пікір-көзқарастары жоқ достар сияқты көрінген. Мысалы, фильмде Джобс пен Возняк Hewlett-Packard-тың гаражынан өтіп бара жатқан кезде Джобс: «Иә, әркімнің өз жеке компьютері болады» деген кезде Возняк: «Жо-жоқ, ешкім оны сатып алғысы да келмейтін болады» деп келіспейді. Мұнысы қисынсыз.

Тағы бір ойдан шығарылған дүние – Воздың Apple-дан кетуі. Өмірде мұндай болмапты. Шын мәнінде Возды Macintosh жобасының бір бөлігін жасасуға шақырған кезде ол аяқ астынан ұшақ апатына ұшырап, қатыса алмай қалған.

West Coast Computer Faire-ның бағдарламалар көрмесін түсіруге қаншама тер төгіліп, ондағы эпизодтар күшті шыққанмен фильмде Джобстың «Ханымдар мен мырзалар, мен, Стив Джобс, сіздерге Apple II таныстырамын….» дегені шын мәнінде тек көрме экранында ғана шыққан екен.

Алғаш рет компьютерді құрастыруға тырысқан Джобс пен достарының гаражында фильмдегідей бір мезгілде өте көп адам болмапты. Джобстың серіктері фильмде ұзын шашты Родтың алғаш рет мотоциклмен келген сәтін көрген кезде күлкіден жарылған екен. Себебі – Род ешқашан мотоциклмен жүрмеген.

Фильмдегі Джобс замандастарының бірі Дэниел Котткеның Джобспен дауласқаны да өтірік болып шыққан.

НЕ ШЫН?

Apple-дықтардың айтуынша, фильмде Джобстың Вознякты алдаған сәті жақсы шыққан. Возняк Atari компаниясының тапсыруымен компьютерлік ойын жасап шығарады. Компания сол үшін 5 мың доллар төлегенмен Джобс Вознякқа «ақшаның жартысы» деп 350 доллар төлейді.

Фильмде сонымен бірге Возняктың қалжыңдағаны да (белгілі бір нөмірге хабарласқан кезде магнитофонға жазылған қалжың естіледі) сәтті шығыпты.

Фильмді алғаш рет Вознякқа көрсеткен кезде ол сценаристерді Apple-дың пайда болу сәтін бұрмалады деп айыптаған еді. Негізі Facebookтің негізін қалаушылардың бірі Марк Цукерберг туралы фильм шыққан кезде де осындай жайттар қайталанды.

Жалпы фильм түсіру өте қиын ғой. Қаншама адам көз майын тауысып сценарий жазады, еңбек етіп, тер төгеді. Тырысады. Өз басым қыркүйекте болатын премьерасына барам деп отырмын.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s