Monthly Archives: Желтоқсан 2010

Жаңа жыл алды кездесу

Кешеден бері кездесуде де талқылап жатырмыз ғой. Жаңа жыл алды жиналу жайлы. Неше түрлі идеялар болды. Бірімізге анау ұнайды, бірақ мынау ұнамайды. Өйте берсек, ешқашан бір ортақ келісімге келе алмайтын сияқтымыз. Общым, әңгіменің қысқасы сенбі күні кешкі сағат 7-де Максимада … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 5 пікір

Жаңа жылда қанша күн демаламыз?

Алда келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Ырыс-құтымыз артып, берекеміз тасысын! Бұл күндері Қазақстан тұрғындары 4 күн демалады деп жатыр яғни, қаңтардың 1-і, 2-сі, 3-і, 4-і. Сосын екі күн жұмыс істеп Рождествоға орай 7-сі, 8-сі, 9-ы демаламыз, бұйыртса. Демалудан шаршамайық! … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Тәуелсіздік туралы ой

Ойлап отырсам, біз оқыған тарих пен оған қазіргі көзқарас арасында үлкен ор жатыр. Кей кезде «ол оқиға олай болмаған, шындығында былай еді» деген сияқты мақалаларды оқып отырып, сонда жылдар бойы біз немене әншейін ертегілерді оқып келгенбіз бе деген тәрізді ойлар … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 2 пікір

Жан иірімдері

Адамның жан дүниесі түпсіз-тұңғиық ғарыш сияқты ғой. Кей кезде сонда болып жатқан құбылыстарды түсінбей, басым қатады. Соларды зерттеген кезде алғашқы қауым адамы сияқтанамын.

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 3 пікір

«Мен Абайдың айтқанына тек кішкене компьютер сөздерін қосып қойдым» (жалғасы)

Асқар Жұмаділдаев жиын барысында елде білім саласында жүргізіліп жатқан түпсіз тұңғиық реформалардың әбден шаршатқанын, онда артық нәрселер көп екенін жеткізді. «PhD ма, аспирантура ма, маған бәрібір. Мәселенки, сенің атың Құдайберген болса, оны орысша Коля немесе Богдан дейді. Бұл сол сияқты. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Кілтсөздері | 7 пікір

«Мен Абайдың айтқанына тек кішкене компьютердің сөздерін қосып қойдым»

Жұма күні болған Асқар Жұмаділдаевпен кездесуге бара алмадым. Есесіне Мейіргүл дауыстарды жазып алу жағынан көмектесті. Сол үшін Мейіргүлге көп рахмет! Қазақ журналистерінің клубы өткізген бұл жиын жайлы мына жерден тыңдауға болады. Жиында әртүрлі тақырыптар қозғалды.

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Кілтсөздері | 6 пікір

Асқар Жұмаділдаевпен кездесу

Әлгінде Асқар Жұмаділдаев деп аузымызға бұл сөз бекер түспепті. Бүгін түстен кейін сағат 14.30-да Қазақ журналистерінің клубында Асқар ағамен кездесу болады. Ол кісі жиынға келуге әрең келісіпті деп естіп жатырмыз. Жалпы журналистерді, журналистерді емес, өзін жарнамалағанды ұнатпайды деп естуші едім. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 1 пікір

Асқар Жұмаділдаевтың мақаласы

Намыс.кз сайты желтоқсанның 3-і күні белгілі математик Асқар Жұмаділдаевтың мақаласын жариялапты. Артық етпейді деп, мен де тағы бір мәрте соны көшіріп, жариялап отырмын.

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Кілтсөздері | 1 пікір

«Әлеуметтік желі» – жылдың үздік фильмі атанды

Американың кино сыншылары «Әлеуметтік желі» фильмін ең үздік кино ретінде бағаласа, оны түсіруші Дэвид Финчерді ең майталман режиссер деп атап отыр. Таңертеңнен бері осы ақпаратты қайта-қайта кездестіре берем. Сендер де көрген шығарсыңдар. Бұл фильм қателеспесем, қараша айында Қазақстанның барлық кинотеатрларында … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Кілтсөздері , | 2 пікір

Тәуелсіздік күні 4 күн демаламыз

Алда келе жатқан Тәуелсіздік күні бес күн жұмыс істейтіндер 4 күн демалады деп ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр. Желтоқсанның 16-17-сі күндері бейсенбі мен жұмаға түскелі тұр. Олай болса, 16-сы, 17-сі, 18-і, 19-і күні демаламыз. Ал сенбі күні жұмыс істейтіндер немесе оқитындар … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру