Жанның Адам денесіне қалай кіргені жайлы аңыз

Мына бір діни қисса бірнеше күннен бері есімнен шықпай келеді. Бұл негізі «Әлдиден эпосқа дейін» немесе «Салт-дәстүр сөйлейді» деген кітаптардан алынған. Бұл кітаптар әзірге, қолымда болмағандықтан орысшасын жариялап отырмын.  Оқуды жалғастыру

Advertisements
Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Жан жылуы

Жаныңыздың «тоңған» кезі бола ма? Менде болып тұрады. Кей кезде дәл осындай шақта балалық шақтың мәңгі есіңде таңбаланып қалған алтын сәттерін есіңе аласың… Міне, солардың бірі…

…Жаз. Түн. Ауа сондай жанға жайлы, жұмсақ. Үйден шығып табалдырыққа отыра қаласың. Күні бойы күн астында қақталған табалдырық әлі суып та үлгермеген, жып жылы. Отырған бойда ақ, қоңыр салқын жел бойыңды жеңіл желпіп өтеді. Жел емес, жәй леп қана. Мұндай керемет шақта үйге қайтіп кіргің де келмей қалады. Сүйтіп, далада ұйықтамақшы боласың. Үй мен қойма арасында төбесі ашық шағын алаңқай бар. Сол жерге ұзын үстел қоясың. Кейде арба да бола береді. Үйден алып шыққан көрпелерді сол жерге саласың да күмп етіп көрпеге кіріп кетесің…Үйге қарағанда мұнда қызығырақ. Сырты аздап тоңазыған көрпеден басыңды шығарып алып, тура төбеңде тұрған жұлдызды аспанға қарайсың. Жыпырлаған жұлдыздар. Аралары сондай жақын. Біреуінің жарығы әлсіздеу, біреуі жарығырақ. Арасынан жыбырлағандарын іздейсің. Әні, біреуі кетіп бара жатыр. Әні, тағы біреу. Кейде екі жарық бір бірімен тоғысқандай болады, мүмкін соқтығысып қалар? Түйіскен сәтін күтесің… Жоқ, ақырында тоғыспаған болып шығады, ештеңе болмағандай өз бағыттарымен кетіп бара жатады. Кей кездері ыңылдап бірді екілі маса келіп, бетіңе қонбақшы болады. Мұндайда бетіңді көрпемен жауып аласың. Бірден тұншығып кетіп, асыға қайта ашасың) Осылайша жұлдыздарға қарап жатып, қалай көз ілгеніңді де білмей қаласың…

Жұлдызды аспан маған қатты әсер ететін. Оларға мойын созып қарай бергің келеді, қарай бергің келеді. Еш жалықпайтынсың…

Жаның «тоңған» кездері кей кезде осындай сәттерді есіңе алсаң, жаның жылып сала береді. Есте сақтау деген керемет қабілет сені тура сол шаққа апарып, бір қыдыртып қайтқызады.

Егер жаныңыз тоңса, кейде блогыма кіріп тұрыңыз. Пытырлап жанған пештің алдында жылынып, ыстық шәй сұрыптап отырып балалық шақтың таусылмас әңгімелерін айтамыз…

Bankoboev.Ru_ogon_v_pechi

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 1 пікір

Тоқтарәлі Таңжарықтың өлеңі

Поэзиясының тұнықтығымен оқырман жанын баурап алатын ақын Тоқтарәлі Таңжарықтың бір өлеңін ұсынып отырмын. Студияға 2010 жылы жазылған

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Маған ұнаған жазба

Осы аптада маған қатты ұнаған жазбалардың бірі: «…«Өмірдің мәні не?», «Бізді тіршілікке ғашық етіп, ажалмен айқасуға батылдық беретін қандай күш?» деген сұраққа, Франкл: «Өмірдің мәні өзгеге қуаныш сыйлау. Өмір жолында саған серік болған адамды қуанту. Оның көңіл күйін шаттық сезімге толтыру. Адамдарға риясыз қызмет ету арқылы өзіңді де оны да шаттыққа бөлеу» дейді…»

Толығырақ мына жерден оқуға болады екен…

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Екі ой

Youtube-тан Олег Борецкийдің азаматтық мектепте оқыған лекциясын көрдім.  МИСК деп іздесеңіздер, тез табылады. Ойымда қалған екі жақсы оймен бөлісе кетейін:

«Просвещенный разум – мыслить свободно без ориентации на авторитетов»

«Главное – сохранить способность критического мышления и не быть объектом манипуляции»

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Қасым Аманжолұлымен кездесуден репортаж

Бұл репортаж осыдан бірнеше жыл бұрын жасалған. Қазір ғана жариялаудың сәті түсіп тұр.

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Қазақстанда түркі халықтарына арналған әлеуметтік желі пайда болды

TurkilerҚазақстанда түркі халықтарына арналған Turkiler.com атты тұңғыш әлеуметтік желі жұмыс істей бастады. Жоба авторларының айтуынша, желінің мақсаты – түркі халықтарын басын қосып, бір желіде пікір алмасуына мүмкіндік беру.

Пост-советтік елдер аумағында «түркішілдік» идеясының орыс тілінде дамып келе жатқанын алға тартқан мамандар әлемдегі түркі тілді халықтардың басын қосу үшін жобалар танымал тілдерде болғаны дұрыс деп санайды.

Желінің техникалық мүмкіндігін сынап көрген маман онда «қолданушыларды тартатындай жаңалығы жоқ» екенін айтады. Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру