Monthly Archives: Ақпан 2011

Наурыздың басында үш күн демаламыз

Алдағы мерекелер туралы айту әлі ерте шығар. Бірақ бүгін 8-ші наурыз мерекесінде үш күн демалатынымыз туралы айтып жатыр. Яғни, наурыздың 7-сі күнгі жұмыс 5-іне ауысады. Сөйтіп, наурыздың 6-сы, 7-сі, 8-і демаламыз, бұйыртса! Так что, алдағы демалыстарды жоспарлай беріңдер)))

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 3 пікір

«Әр кәллада бір қиял»

Герольд Бельгердің «Казахское слово» шығармасын оқып отырып, біраз сөздердің мағынасына қанықтым. Мысалы: елең-алаң деп – таң алдындағы қараңғылық әлі сейілмеген шақты атайды екен. Құланиек, құлансәрі – айналаны біраз ажыратып, жарық түсе бастаған кез.

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 1 пікір

Қызық…

«Адамның басы – Алланың добы» дей ме. «Жүре берсең, көре бересің» деген де бар. Қызық. Бұрындары «мына мектепті бітіргенше әлі қайда!» деп ойлаушы ем. Бір қарасам, мектеп түгілі, университет, магистратурасын да түк қалдырмай бітіріп тастаппын. Алла мүмкіндігін салса, бәрі де … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 9 пікір

Байқау! Байқау! Байқау!

Достар, көптен күткен блогшылар байқауына өтініш беру басталды. Блогтың өзі күн сайын тамақ, нан сұрамаса да, титтей де көңіл бөлуді талап ететіні анық қой. Бірақ өз кезегінде оның да бізге берері бар емес пе. Оны әрқайсымыз мойындаймыз. Қарақұрым ғаламтор әлемінде … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 3 пікір

Болатхан ағаның пікірлері

Мақаладан мақала, сайттан сайттарды ақтарып отырып, Болатхан Тайжан атындағы қордың сайтынан бірақ шықтым. Болатхан ағаны бұрындары теледидардан, газет беттерінен жиі көретінмін. Бұл сайтта ол кісінің барлық сұхбаттары жарияланған екен. Солардан үзінді жариялап отырмын. Өзі жайында: «Орыс тілді болып өстім. Қазақ … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 2 пікір

Ой-қазына (2)

«Ақыл – жүректің суаты» дейді. Төменде бірнеше қанатты сөздерді келтіріп отырмын. «Дауасын тапса, сөз дертке ем»дей ме қазақ. Оның үстіне, еске түсірудің артықтығы жоқ.

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 2 пікір