Бауыржан Момышұлы туралы фильм түсіріліп жатыр

MakpalРежиссер Ақан Сатаев Бауыржан Момышұлы туралы фильм түсіре бастады. Көпсериялы фильмде 1941 жылы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы өзінің ұстазы генерал Панфиловпен танысады. Генерал оған тұтастай батальон тапсырып, майданға аттандырады.

30 жастағы Бауыржан Момышұлын Әуезов атындағы академиялық драма театрдың актеры 27 жастағы Еркебұлан Дайыров сомдайды.

Сюжет желісі жазушы Александр Бектің «Волоколам тас жолы» шығармасына негізделгенмен фильмде тарихи шындықпен қатар көркем шындық та бар дейді фильм авторлары.

Қолбасшының жарының рөлін Әсел Сағатова ойнайды екен. Ақпарат бойынша, Алматы облысынан соң түсірілімдер Минскіде жалғасады.

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Қанша күн демаламыз?

Алда Конституция күні келе жатыр. Бұл мерекеге орай Қазақстан тұрғындары тамыздың 30-ы мен 31-і күндері демалады. Яғни, жұма мен сенбі. Демалыстарыңыз жақсы өтсін!

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Ақын Құралай Омар өлеңдері

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Джобс фильміндегі жалған және шынайы фактілер

JobsТамыздың 16-сы күні АҚШ-та Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Джобс туралы фильм прокатқа шықты. Басты рөлді Эштон Кэтчер сомдаған. Бұл фильм пост-советтік елдерге қыркүйектің ортасында жетеді.

Бұл фильм шыққаннан кейін алғашқы естіген жаңалығым – фильмде Джобс образының ашылмауы туралы Apple-дықтардың сыни пікірлері болды.

Джобс замандастарының бірі Билл Фернандес: «Фильм ойдан шығарылғандықтан оны көргім келмейді. Сценаристердің өмірде болмаған нәрселерді ойлап тапқаны үшін көңіл-күйімді түсіргім келмейді…Менің ойымша, егер олар (фильмді түсірушілер ред.) тек шындықты ғана көрсеткен болса – егер оларға әлдекім ненің шын болғанын көрсетсе – онда бұл коммерциялық жоба бола алмас еді» дейді. Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Мейірім мен күншілдік

Бір күні Шайқы Бұрқыдан біреу сұрапты:

– Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулер көре алмас, күншіл келеді? – дейді.

– Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Ara0816Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иісті сезбейді. Адамдардың екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез-келген жерден гүл іздейді. Мысалы, мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез-келген ортада Алланың хикметін көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек-аяңға үйір болып, кісілердің ұсақ-түйек кемшіліктерін жиып-теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды, – деп жауап берген екен. («Әлдиден эпосқа дейін» кітабынан алынды)

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Күзгі әуен

Азаттық радиосында «Жас толқын» жастар бағдарламасын жүргізіп жүргенімде қобызшы Ақерке Тәжібаева өзінің күйтабағын ұсынған еді. Күйтабақтың ішіндегі мына әуен ерекше ұнады:

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 2 пікір

Аюп пайғамбар қиссасы

Аюп пайғамбар өте сабырлы болған екен. Ұлық Алла періштелерге:

–         Аюп менің ең сабырлы құлым, – деп мақтанады екен.

Бұл мақтау шайтанға жақпайтын. Ол Аюптың сабырын түгеспек болды. Оны жоқтықпен, байлықпен, мансаппен азғырды. Шайтанның бұл айласы Аюпқа әсер етпеді. Тіпті әйелін арбап, отбасы мен достарының арасына да от салды. Аюп сонда да сыр бермеді. Шайтан күніне мың түрлі бәле шақырса да, Аюп тағат жасап, отыра берді. Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

МІТ лекцияларын интернеттен көріңіз

Әлемдегі үздік университеттердің алғашқы ондығынан орын бермейтін Массачусетс 07300технологиялық универсиеті лекция, семинарларын интернетке жариялады. Өзіңізді қызықтырған тақырыптарды арнайы каталог арқылы тауып алуға болады. Форматы әртүрлі: видео, аудио т.б

Егер ағылшын тілін білсеңіз, барлық материалдарды мына сілтемені ашу арқылы таба аласыз.

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Жаңғыру

Көкала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей шақта

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта

 

Жауған күнмен жаңғырып,

Жер көгеріп күш алар

Аққан жасқа қаңғырып

Бас ауырып іш жанар (Абай)

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Алматыда жер сілкінді

Алматыда өткен түні жер сілкінісі болды. Сейсмология институты эпицентр ошағының қаладан 150 шақырым жердегі Көкпек асуында болғанын айтты бүгін. Онда 6-7 бал болса, қалада 4 балдық жер сілкінісі сезіліпті. Өз басым 4 бал болды дегенге сене алар емеспін. Өйткені, ыдыс-аяқ, шкафтардың барлығы теңселіп, кәдімгідей үй шайқалып кеткендей болды. Жер сілкінісінен соң сағат 6-ға дейін көз іле алмай қойдым. Сағат 3 жарымдарда ақпарат агенттіктерін ақтарып шықтым. Тек тенгриньюзда магнитудасы 5,7 болды деп жазылған екен. Фейсбук пен туиттерге кірсем, елдің бәрі соны айтып жатыр.

Осыдан бір жыл бұрын дәл осындай қуатта жер сілкінісі болған еді. Бірақ ол кезде таңертең болғандықтан ба өткен түндегідей аса қатты үрейленбеген едік. Десе де, апаттың жақсысы жоқ қой. Жер-ана неге тербелді? деген сауал туындайды. Бұған дейін Түркия, Италия, Аргентина да шайқалып еді…

Бағана фейсбукта отырып, жер сілкінісі туралы едел-жедел қайдан ақпарат алуға болатыны туралы оқып қалдым. Үш сілтеме берген екен. Ерінбесеңдер, оқып-шығуға болады

 

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | Кілтсөздері , , , | Пікір қалдыру