Өмір айшықтары

Тым «серьезная»-сың деп кінәлайды мені. «Мінезім солай болса қайтем» деп ақталам. Осындайда мына бір сөз есіңе еріксіз түседі екен: «Өмір – сіріңке сияқты, оған тым салмақты қарау – күлкілі, бірақ жүрдім-бардым қарауға тағы да болмайды, от шығып кетпесін» деген. Дегенмен бұл сөз күнделікті өмірде сирек еске түседі. Есіңе түссе де, оны орындай алмайтын кездер де болады. Әсіресе, құрметтейтін, жақсы көретін адамдарымның сөздері қатты әсер етеді маған. Олардың ойланбай жай ғана айтып қалған сөздері жүрегіме ине боп қадалады. «Соншалықты сезімтал болуға бола ма екен» деп ішімде отырған бір критик кінәлай бастайды.

Осы кезге дейін адамзат өмір сүрудің мыңдаған формуласын тауып, сансыз қағидаларын жасап тастапты. Бірақ бәрібір сол аксиома: өмірде даңғыл жол жоқ, бірде біреуді қайталайсың, бірде тыңнан жол салуға тура келеді. Мұны түрлі өлшем бірліктерге де салып айтуға да болады. «Өмір сонысымен қызық» дегенді де талай естігем.

Сондықтан өмірде «мына мінез жаман», «мына мінез жақсы» деп кесіп айта алмайтын сияқтымыз ғой. Олай болса, қанға сіңген мінездің кемшілігімен қатар артықшылығы да міндетті түрде бар болуы керек. Жұбаныш та сол.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to Өмір айшықтары

  1. Тоты айтады:

    “Өмір сонысымен қызық” дегенді мен де жиі естимін. Менше өз өзіңді жұбату тұрғысынан айтылған сияқты.

  2. жандос айтады:

    аскар агамыз айткандай :ну и что -демейсінба.Салыстырмалы турде тукте емес.

  3. estetika91 айтады:

    Мінездің салмақты болуын біреулер қолдаса, біреулер қолдамай жатады. Қолдамайтындар «Немене жақтырмай отыр ма?» дегендей пікір айтып жатады. Жаратылысымыздан әрқайсысымыздың мінезіміз әр түрлі.
    “Өмір – сіріңке сияқты, оған тым салмақты қарау – күлкілі, бірақ жүрдім-бардым қарауға тағы да болмайды, от шығып кетпесін” деген. Дегенмен бұл сөз күнделікті өмірде сирек еске түседі дегенді жиі естиміз. Қалай десек те, өмір әлсіздікті, еркелікті көтермейді… Оған жауапкершілікпен қарау керек секілді.

Leave a reply to Тоты Жауап беруден бас тарту