Желдің түрлері

Ауызекі тілде самал жел, қоңыр жел, майда жел деген сияқты түрлерін қолданғанымызWind болмаса, желдің түрлерін біле бермейміз ғой. Желдің төмендегідей түрлерін біле жүрген артық болмас:

Маусымдық түрлеріне қарай:

Аңызақ жел – желдің отын құрғататын оңтүстік-шығыстан соғатын жел;

Ескек жел – топырақты кептіріп жіберетін, көктемнің басында соғатын жылы жел;

Қара жел – күзде соғатын суық жел;

Алтын күрек жел – қыстың аяғында қарды әкететін жел;

Жапырақ жел – күзгі ағаштың жапырақтарын үйіріп әкететін жел;

Қума жел – бірде басылып, бірде үйіріп соғатын жел;

Өкпек жел – жазғытұрымда солтүстік-шығыстан соғатын жайсыз жел;

Әуір жел – шілдеде соғатын ыстық жел;

Үскірік жел – суық жел;

Қазанның қара желі – күздегі қара суық жел;

Терімсал – шілдеде соғатын ыстық жел;

Сипатына қарай:

Мал-жанға жайлы жер: қоңыр жел, самал жел, мырза жел, жайдақ жел, майда жел;

Мал-жанға жайсыз жел: ызғырық жел, үскірік жел, өкпек жел, сары жел;

Енді тапсырма: далаға шығып қандай жел соғып тұрғанын анықтап көріңіз))

(Атауы ұзақ энциклопедиядан алынды))

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to Желдің түрлері

  1. zharkyn айтады:

    оте жаксы

  2. Адимова Аружан айтады:

    Рақмет үй жұмысына көмектестіндер!

Пікір қалдыру