13 June, 2011 15:19

Posted in Категориясы жоқ | 2 пікір

“Ой азығы” болсын

Ауылға барған сайын үнемі шығысқа қарай яғни, Қытай жаққа қарай ұшып бара жатқан ұшақтарды жиі көретін болдым. Күніне бірнеше рет өтеді ғой деймін. Жолаушылар немесе әуесқойларға арналған ұшаққа ұқсамайды. Әскери ме деп ойлаймын. Бұрындары мұндай байқалмайтын. Басыма неше түрлі ойлар келеді. “Билік оппененттерінің бір білгені бар ма” деп қоям. Орыстарда мынадай сөз бар ғой “пища для размышления”. Сол айтпақшы, ойлауға азық болсын деп айтып жатқаным…

Posted in Категориясы жоқ | 2 пікір

Блокноттан…

Әр нәрсенің өз орны бар. Бір сәттік нәрселерді ғұмырлық деп, керісінше, ғұмырлық нәрселерді бір сәттік деп қабылдауға болмайды.

Батыс журналистері мақалаға тауар ретінде қарайды. Шығыс халқы романтик қой. Журналистикадан өзінің миссиясын іздеуге тырысады. Менімше, бұл жерде екеуінен синтез  жасау керек сияқты.

“Шеберлік аз кезде ерік-жігерді іске қосу керек” (Есей Жеңісұлының сұхбатынан)

“Қазіргі адамдар “бірің өліп, бірің қал” дегенді мықтап ұстап алған. Өйткені, адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе еститін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап. революция жасаймыз да, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз. Өкінішке қарай, осылайша екіжүзді боп барамыз…” (Болат Атабаев)

 

Posted in Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Уақыттың дұшпандары

Қазақстанда қандай “таймкиллерлер” бар, санамалап көрейін бе: пробка, құжат толтыру (әсіресе, қандай да бір мемлекеттік органның атына ресми хат жазуды иттің етінен жек көрем), кезекке тұру, единица толтыру, “непунктуальность”-тың салдарынан “зардап шегу”, интернет жылдамдығының төмендігі….т.б

Кей кезде қатты асығып тұрасың да, осындай тосқауылдарға кезіккен кезде мазасыздана бастайсың. Бұл тым субъективті пікір де болуы ғажап емес. Кім не ойлайды?

Posted in Категориясы жоқ | 8 пікір

БАҚ пен БЛОГ: өзара дос па, қас па?

Интернеттен журналистика саласының маманы Магда Абу-Фадилдің сұхбатын тауып алдым. Шынымды айтайын, бұл есімді бірінші рет естіп тұрмын. Десе де, ондағы айтылған жайттар мен үшін шамалы қызығырақ боп көрінді. Сондықтан аударуды жөн көрдім.

Журналист: Журналистің дәстүрлі медиадағы жұмысы мен блоггерлік рөлін қалай сипаттар едіңіз? Continue reading

Posted in Категориясы жоқ | 3 пікір

Түртіп алғанға…

Надандық белгілері: 1) субъектіде арнайы білім мен әлеуметтік тәжірибенің жоқтығы;

2) Қоғамдық, табиғи, ғылыми байланыстар мен қатынастардың сан алуандығын, көпқырлылығын меңгеріп, түсіне алмау;

3) Интеллект тәжірибесі мен шығармашылық мәдениетті жаппай тұншықтыру;

4) Надандық – қоғамдық жұтаңдану мен дүрбелеңнің “қайнар көзі”;

Posted in Категориясы жоқ | Пікір қалдыру

Құндылықтар әлемі

Бүгін ақпарат агенттіктерінен мынадай ақпарат естідім: “Жамбыл облысының әкімі оқушыларға мектеппен қоштасу кешін өткізуге тыйым салыпты”. Әкімнің не дегенін білесіздер ме:  Continue reading

Posted in Категориясы жоқ | 6 пікір

Кешегі жаңбырды айтам…

Кеше кешке таман Алматыда шелектеп жаңбыр жауды. Айнала аппақ боп көрінбей кетті. Ол аздай бір кезде тарсылдатып бұршақ жаусын. Өз басым ғимарат ішінде болғандықтан сыртта жүргендерді аядым. Анадай домалақ көк мұз басыңа тисе, оңдырмайтын шығар. (бұршақтан таяқ жегендерің бар ма араларыңда, мойындаңдар, кәнеки:)) Сөйтіп айналамыздың бәрі тарс-тұрсылдап кетті.

Жаңбыр салыстырмалы түрде тоқтады дегенде тысқа шықтым. Қырық жамау жолдың қалтарыс-бұлтарыстарының бәрін су толтырған, жоғарыдан төменге қарай өзенше ағып жатыр. Жаңбыр астында қалмадым деген аты болмаса, су кешіп, әйтіп-бүйтіп тоғыздарда үйге әрең жеттім. Жаңбыр жауса, Алматының көшелерінің бәрі көлге айналатыны несе екен, осы?!

Posted in Категориясы жоқ | 6 пікір

Өмір айшықтары

Тым “серьезная”-сың деп кінәлайды мені. “Мінезім солай болса қайтем” деп ақталам. Continue reading

Posted in Категориясы жоқ | 3 пікір

“Сақтансаң – сақтаймын”

Кеше бір дөңгелек үстелге барсам, мамандар “жер сілкінісі кезінде ақпарат құралдары дұрыс міндеттерін атқарған жоқ, Алматы халқы паникада болды” деп ренжіп отыр екен. Рас, естуімше Алматыда мамырдың 1-і күні халық ақпарат таба алмай зар болды дейді. Өз басым ауылда болдым. Бірақ ауылдың баяу интернеті арқылы там-тұмдап ақпарат алып отырдым агенттіктерден. Журналистердің бәрі мен сияқты демалыста болып, жан жаққа шашырап кетті емес пе, ақпараттың аз болғаны рас шығар. Енді ғана интернетте, ақпарат құралдары жер сілкінісі жайлы айтып жатыр.

Бүгін “Время” газетінде бір сейсмолог-ғалымның сұхбаты жарияланыпты. Сондағы ең маңызды бөліктерін аудардым. Continue reading

Posted in Категориясы жоқ | Пікір қалдыру